2024 жылдың 15 ақпанында қазақ тілі мұғалімі Даулбаева Б.Н., «Дарын» мектепалды тобының балаларымен коммуникативтік дағдыларды дамыту бойынша «Жабайы аңдар әлемі» тақырыбына ұйымдастырылған іс – әрекетін көрсетті.
Міндеттері: балалардың жануарлар туралы түсініктерін кеңейту.
- балаларға жабайы жануарлар, олардың сыртқы түрі, мекені туралы түсінік беру;
- "жабайы жануарлар" жалпылама ұғымымен таныстыру;
- балалардың сөздік қорын сөздермен байыту: қоян, қасқыр, түлкі, аю, тиін, кірпі.
- сөздік қорын байыту, үйлесімді сөйлеу дағдыларын қалыптастыру, қазақ тіліне тән дыбыстарды дұрыс айтуға үйрету.
Педагог сабағында ақпараттық коммуникативтік технологияларды кеңінен қолданды. Жыл мезгіліне байланысты допты лақтырып, қағып алу арқылы «Қысқы ойындар», жабайы аңдарды атау және ажырату мақсатында «Кубикоград», «Сөзді аяқта», «Не артық», «Қолшатыр» ойындарын ойнады. Балалардың қыс мезгілі жабайы аңдар туралы білімдері бар екендігі байқалды. Сабақ барысында педагог балалармен жабайы аңдар бойынша сергіту сәтін өткізіп, сабақта мұғалімнің қойған сұрақтары мен тапсырмаларына толық сөйлеммен жауап берді.