9 мамыр Жеңіс күні-біздің еліміздегі ең құрметті мерекелердің бірі. Жеңістің біздің халқымызға қандай еңбекпен келгенін, ата – бабаларымыздың ерлерліктерін, елімізді қорғап, сақтағанын мәңгі есімізде сақтаймыз. Біздің балаларымыз ата - бабаларымыздың Отан үшін көрсеткен ерліктерін ешқашан ұмытпайды.
Жеңіс күнінің 77 жылдығын мерекелеу қарсаңында біздің топта "Әскери мамандықтар"тақырыптық сабақ өтті. Сабақта балалар әртүрлі әскери мамандықтар туралы білді, "Әскери мамандықтар" дидактикалық ойыны арқылы балалар сөздік қорын кеңейтті. "Шекарашылар" қозғалмалы ойын ойнап, есту қабілетін дамытып, "Барлаушылар" эстафеталарын орындады, онда барлаушы ойыншылар кедергілер жолағынан өтті.
Осындай іс-шаралар өскелең ұрпақты тәрбиелеуде маңызы зор деп санаймыз. Олар Отан қорғаушыларға деген құрметті, өз халқына деген мақтаныш сезімін қалыптастырады, адамгершілік-патриоттық сезімдерді дамытады, балалардың Ұлы Отан соғысы оқиғалары туралы қарапайым білімдерін қалыптастырады.