АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ АТБАСАР АУДАНЫ БОЙЫНША  БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ ЖАНЫНДАҒЫ АТБАСАР ҚАЛАСЫНЫҢ «РОДНИЧОК» БӨБЕКЖАЙЫ» МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНАЛДЫҚ ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫ
ГОСУДАРСТВЕННОЕ КОММУНАЛЬНОЕ КАЗЕННОЕ ПРЕДПРИЯТИЕ «ЯСЛИ–САД «РОДНИЧОК» ГОРОДА АТБАСАР ПРИ ОТДЕЛЕ ОБРАЗОВАНИЯ ПО АТБАСАРСКОМУ РАЙОНУ УПРАВЛЕНИЯ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

"Ұйымдағы мемлекеттік қызметтер"

Ақмола облысы Білім басқармасының Атбасар ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы Атбасар қаласының "Родничок "бөбекжайы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны өз қызметін "Мемлекеттік   қызмет  көрсету туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына, Мемлекеттік қызметтер көрсету қағидаларына сәйкес жүзеге асырады.

 Білім беру саласында мемлекеттік қызметтің 2 түрі көрсетіледі. Әрбір қызметке мемлекеттік қызмет көрсету Ережесі бекітілген, онда қызмет көрсету тәртібі, мерзімдері, тәсілдері және құжаттар тізбесі жазылған. Барлық қызметтер тегін көрсетіледі.

 2021 жылы Атбасар қаласының "Родничок" бөбекжайы  барлығы 71 қызмет көрсетті, оның ішінде "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы арқылы-2, электрондық нұсқада - 69, қағаз нұсқада - 0.

 2020 жылы барлығы 44 қызмет көрсетілді, оның ішінде "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы арқылы - 1, электрондық нұсқада - 43, қағаз нұсқада -0.

Неғұрлым сұранысқа ие мемлекеттік қызметтер:

Педагогтердің біліктілік санаттарын беру және растау рәсімдерінен өту үшін құжаттарды қабылдау;

Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және балаларды қабылдау.

Мектепке дейінгі ұйымға жолдама алу үшін сізге:

  1. «akmola.kz» жүйенің басты бетіне кіріп «Мектепке дейiнгi ұйымдарына кезекке қою және жолдама беру» қызметті таңдау керек.
  2. Бұдан әрі Ақмола облысының аудандары мен қалаларының тізімі бейнеленеді. Тізімнен ауданыңызды немесе қалаңызды таңдаңыз.
  3. Өтініш берушінің ЭЦҚ (AUTH_RSA) кілті арқылы жеке кабинетке кіру қажет.
  4. Берілген өтініштер журналын ашу үшін бас бетте "Өтініштер журналына" батырмаға басу қажет»
  5. Ары қарай «Балабақшаны таңдау» батырмасын басыңыз.
  6. «Балабақшаны таңдау» батырмасы мектепке дейінгі ұйымдарда бос орындар болған жағдайда ғана пайда болады.

Мемлекеттік балабақшаға жолдама алу үшін:

Балабақшалардағы бос орындарға жолдамалар кезекке сәйкес беріледі. Кезегіңіз келген кезде көрсетілген электрондық пошта мекенжайы мен телефон нөміріне кезегіңіздің келгендігі туралы хабарлама келеді.

  1. «Мемлекеттік балабақшаны таңдау» батырмасы Сіздің кезегіңіз келсе, мектепке дейінгі ұйымдарда бос орындар болған жағдайда пайда болады.
  2. Назар аударыңыз, Сізге қажет барлық тізбесі көрсетілген құжаттарды жинау және 5 күн ішінде мектепке дейінгі ұйымға апарылуы қажет. Кері жағдайда, Сіздің кезегіңіз бұғатталады, бірақ ЖОЙЫЛМАЙДЫ.

Мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша жеке балабақшаны таңдау келесі шарттар сақталған жағдайда ғана қол жетімді: бала мектепке дейінгі ұйымға жолдама алуға кезекте тұрған жағдайда; баланың жасы – 2 жас және одан үлкен; мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша жеке балабақшаларда бос орындар болған жағдайда.

Соңғы қадамда «Қол қою және жіберу» батырмасын басып, ЭСҚ сертификатын жүктеңіз (RSA).

Ары қарай «Жалпы құжаттары» қойындысынан мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша жеке балабақшаға қалыптастырылған жолдаманы қарап жүктеуге болады.

Назар аударыңыз, Жолдама берілу күнінен бастап 5 күн ішінде мектепке дейінгі ұйымға апарылуы қажет.

Жаңартылған күні: 28.03.2022 15:47
Құрылған күні: 28.03.2022 15:47

Текст