Текст
"Айгөлек" ересектер тобында Қазақстан Республикасының күніне арналған "Қазақстан - біздің ортақ үйіміз" атты тақырыптық сабақ өтті. Бұл іс-шараның мақсаты: мектеп жасына дейінгі балаларда азаматтық пен патриотизм негіздерін қалыптастыру, өз Отанына деген мақтаныш сезімін тәрбиелеу, халық дәстүрлерін құрметтеу болып табылады. Балалар Қазақстан Республикасының рәміздерін Ту, Елтаңба және Әнұранды атады. Олар ұлттық ойындар ойнап, жалаушалармен би биледі және тақпақтар айтты. Сабақ соңында кербез Айсулу балаларға дәмді бауырсақ сыйлады.