Текст
Мақсаты;Балалардың ой белсенділігін, саналы ойлана білуін дамыту, жетілдіру – тәрбиешінің негізі міндеті. Ойын баланың ойлау қабілеті мен сөздік қорын дамытуға, дағды мен шеберлікті меңгеруге, қиындықты жеңуге, төзімділікке баулиды. Балалардың ойлау қабілетін дамытуға сөзжұмбақ, ребус, «Ұйқасын тап» ойындарының әсері мол. Мысалы, «Ұйқасын тап» ойыны арқылы баланың білсем деген ұтымы артып, қызығып, белсенділігі танылады.