Атбасар ауданының Білім бөлімінің жоспары бойынша 2022 жылдың 20 ақпаны мен 24 ақпаны аралығында мектепке дейінгі білім беретін мекемелер аралығында онкүндік өтті. Жоспар бойынша «Родничок» бөбекжайының әдіскері Б.Н.Даулбаева мектеп жасына дейінгі тәрбие және білім онкүндігіне орай өтетін іс-шараның жоспарын құрып, онкүндікте өтетін іс-шара жоспарын балабақша меңгерушісі А.Д.Исмагулова бекітті. Онкүндіктің өту барысында бөбекжайдың барлық тәрбиешілері мен педагогтері ат салыса қатысты.
2022 жылдың 20 ақпанында «Бақытты елдің ұланымыз» тақырыбы бойынша мектепалды тобының балаларының қатысуымен мектепке дейінгі мекеменің онкүндігінің салтанатты ашылу рәсімі өтті. Бөбекжай меңгерушісі А.Д.Исмагулова мектепке дейінгі мекеменің онкүндігін салтанатты түрде ашып, алғы сөзін айтты. Онкүндіктің салтанатты ашылуына мектепалды тобының тәрбиеленушілері тақпақтар айтып, ән орындады.
Жауаптылар: Мектепалды тобының тәрбиешілері Макажанова Л.К.,Мырзабаева Н.О.