"Балапан" орта тобы " Туым мақтанышым"

Мақсаты: Балаларға 25 қазан – Республика күні туралы түсінік беру. Өз Отанына деген сүйіспеншілігін арттыру, Қазақстан Республикасының мемлекеттік туын танып, оның түсі мен бейнесін ажырата білуге үйрету. Балалардың шығармашылық қабілеттерін дамыту, патриоттық сезімдерін қалыптастыру және Отанын құрметтеуге тәрбиелеу.

Міндеттері:

* Білімділік: Қазақстан Республикасының мемлекеттік туы туралы білімдерін кеңейту.
* Дамытушылық: Туды құрастыру, көк қағазға бейнелеу арқылы балалардың шығармашылық қабілеттерін дамыту.
* Тәрбиелік: Отанға деген сүйіспеншілікке, елін, жерін құрметтеуге тәрбиелеу.