АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ АТБАСАР АУДАНЫ БОЙЫНША  БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ ЖАНЫНДАҒЫ АТБАСАР ҚАЛАСЫНЫҢ «РОДНИЧОК» БӨБЕКЖАЙЫ» МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНАЛДЫҚ ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫ
ГОСУДАРСТВЕННОЕ КОММУНАЛЬНОЕ КАЗЕННОЕ ПРЕДПРИЯТИЕ «ЯСЛИ–САД «РОДНИЧОК» ГОРОДА АТБАСАР ПРИ ОТДЕЛЕ ОБРАЗОВАНИЯ ПО АТБАСАРСКОМУ РАЙОНУ УПРАВЛЕНИЯ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

"Ойнаймыз да ойлаймыз!»

14.01.2021

Бала өмірінің бес-алты жас аралығында ең жоғары "тілдік дарындылық", сөйлеудің дыбыстық жағына ерекше сезімталдық кезеңі. Сондықтан мектеп жасына дейінгі балалар бес жастан бастап дыбыстық жүйеге ене бастайды. Мектепалды даярлық тобында балалар "сөз", "буын", "дыбыс" терминдерін дұрыс түсінуге және қолдануға, сөздің дыбысын тыңдауға үйренеді. Олар екі-үш буынды сөздерді бөліктерге бөледі, ұзындығы бойынша сөздерді салыстыруды, ұзын және қысқа сөздерді ажыратуды үйренеді. Мектеп жасына дейінгі балалар: сөздегі алғашқы дыбысты, соңғы дыбысты бөліп көрсету және атауды игерулері тиіс. Балалар дауысты және дауыссыз дыбыстар сияқты ұғымдарды ажыратулары, олардың саны мен сөздегі орнын анықтаулары қажет. Балаларға сөзді дыбыстық талдауға үйрету, ондағы дыбыстардың реттілігін анықтаудан басталады. Әр дыбыстың дәйекті интонациясы бар сөзді бірнеше рет айту арқылы дыбыстардың реттілігін бөліп көрсетіп үйрету. Мектеп жасына дейінгі балаларға оқу іс әрекетінде ойын өте мңызды рөл атқарады, себебі балалар барлығын ойын арқылы қабылдайды.

 

 

 

 

Просмотров: 795


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст