Балаларды ою-өрнек түрлерімен таныстыру, есте сақтау қабілеттерін шындау, ой-өрісін, сөз байлығын, тілін дамыту, қазақ тілінде айтылатын ою-өрнектердің түрлерін жаттатқызу. Қазақ халқының асыл мұраларын, салт-дәстүрлерін, өнерін құрметтеуге, ұйымшылдыққа, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.
-Әр ұлттың өз мәдениеті мен салт-дәстүрі бар. Бүгін біз қазақтың ұлттық ою-өрнектер түрлерімен танысамыз. Ою-өрнектер латынның орнамент – әсемдеу, сәндеу деген сөзінен шыққан. Қазақтың ою-өрнектерінің түрлері де, атаулары да көп, 360-қа тарта түрлері бар. Ою-өрнек өнері ғасырлар бойы қазақ халқының бейнелеу өнерінің жеке түрі болып келеді. Үй ішінің тұрмысына қажетті заттарды, ұлттық киімдерді, бұйымдарды әшекейлеу үшін қолданған. Ою-өрнектерді – жануарлар, өсімдіктер, геометриялық пішіндерге ұқсап келеді. Бүгін біз ою-өрнектің осындай түрлерін өтеміз: «Қошқар мүйіз», «Сынық мүйіз», «Мүйіз», «Қолтық ою», «Құс қанаты». Осы ою-өрнектермен біз бүгін жұмыс істейміз.