Қазіргі уақытта өз қатарынан ерекшелігі бар балаларды түзету-дамытушылық тәрбие мен оқыту жүйесіне қосу өзекті болып табылады. Мектеп жасына дейінгі балалардың көпшілігінде балабақшадағы танымдық іс-әрекетте бірқатар кемшіліктер бар болып келеді. Кемшіліктерді түзету-дамытушылық оқытудың тиімділігін арттыратын бағыттардың бірі балалармен жеке түзету жұмыстарын жүргізу болып табылады. Мектеп жасына дейінгі балалармен жеке жұмыс жасау фронтальды сабақтарда оқу кезінде баланың нақты қиындықтарын жеңуге және жалпы дұрыс дамуына ықпал етуі үшін ол баланың даму ерекшеліктерін мұқият және жан-жақты зерттеу негізінде құрылады. Мұндай зерттеу психологиялық-педагогикалық зерттеу негізінде жүзеге асырылады. Жеке түзету сабақтары жұмыстың ең тиімді түрі болып табылады, өйткені олар оқу кезеңін ұтымды пайдалануға мүмкіндігі зор.