19.02.2025
Мақсаты: Әжелердің балабақшадағы тәрбиелік үдерістерге белсенді қатысуын қамтамасыз ету, олардың балалардың дамуына қосар үлесін арттыру. Әжелермен тығыз ынтымақтастық орнату, отбасы мен тәрбиешілер арасындағы байланыс пен серіктестікті нығайту. Балаларға дәстүрлі ұрпақтар арасындағы байланыстарды көрсетіп, рухани құндылықтарды тәрбиелеу.Әжелердің тәжірибесі мен білімдерін балаларға жеткізу, олардың ұлттық дәстүрлер мен мәдениетті насихаттауға ықпал ету. Әжелер мен балалар арасындағы қатынасты нығайту, олардың өзара сыйластығын, қамқорлығын және мейірімділігін дамыту.