22.01.2026
"Күншуақ" естиярлар тобыда көркем студияда шығармашылық ұйымдастырылған іс-шара өтті. Сабақ барысында балалар қар адамды бейнеледі, дәстүрлі емес сурет салу тәсілін — трафарет арқылы тампонаждауды пайдаланды.
Сурет салу процесі тәрбиеленушілер үшін өте қызықты және тартымды болып шықты. Балалар тапсырмаларды жоғары қызығушылықпен орындады, бояуды абайлап сүйкеді және қар адамның бейнесі біртіндеп қалай пайда болатынын қуана-қуана қадағалады.
Барлық балалар өз жұмыстарынан разы болып, шығармашылық процесс барысында жағымды эмоциялар мен қуанышқа кенелді. Сабақ шығармашылық қабілеттерді, қиялды, ұсақ моториканы және дәлдікті дамытуға ықпал етті.
Шығармашылық іс-шара жылы, достық атмосферада өтті және балаларға жарқын әсерлер мен жақсы көңіл-күй сыйлады.