Аудандық конкурс "Үздік жас маман -2026"

23.01.2026

2026 жылғы 23 қаңтары күні "Арай" бөбекжайының базасында мектепке дейінгі мекеме педагогтері арасында "Жас маман-2026" облыстық байқауының аудандық конкурсы өткізілді. Байқау төрт кезеңмен өтті. Бірінші кезеңде режимдік сәттері бар бейнеролик ұсынылды, екінші кезеңде ұйымдастырылған іс-әрекет ұсынылса, үшінші кезеңде педагогтің партфолиосы, төртінші кезеңде педагогтер «Шебер сынып» өткізіп, қорғады. "Ақбота" бөбекжайынан Киекбаева Анара Владимировна қатысып, жүлделі екінші орынды иеленіп,  жоғары кәсіптік шеберлігін көрсетті.

Просмотров: 590


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу