АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ АТБАСАР АУДАНЫ БОЙЫНША  БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ ЖАНЫНДАҒЫ АТБАСАР ҚАЛАСЫНЫҢ «РОДНИЧОК» БӨБЕКЖАЙЫ» МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНАЛДЫҚ ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫ
ГОСУДАРСТВЕННОЕ КОММУНАЛЬНОЕ КАЗЕННОЕ ПРЕДПРИЯТИЕ «ЯСЛИ–САД «РОДНИЧОК» ГОРОДА АТБАСАР ПРИ ОТДЕЛЕ ОБРАЗОВАНИЯ ПО АТБАСАРСКОМУ РАЙОНУ УПРАВЛЕНИЯ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

31.01.2018

Елбасымыздың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламасыТәуелсіз Қазақстанның жаһандану дәуіріндегі рухани кеңістігіміздің жаңа бастауы болып табылатыны сөзсіз. Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың бұл бағдарламасы  ел дамуының жарқын жолдарымен нақты қадамдарын көрсететін,  батыл шешімдерге бағытталған маңызды құжат. Бұл бағдарламада ұлттық болмысты, ұлттық құндылықтарымызды сақтап,  сананы жаңарту,  ғылым мен білім саласындағы және басқа да инфроқұрылымдардағы барлық жетістіктерімізді 

Қазақстанның игілігіне қолдану керектігі ашық айтылған. Бұл – тәуелсіз еліміздің жарқын болашағы мен  келешегі үшін жасалып жатқан игі істер.

 «Болашақта ұлттың табысты болуы оның табиғи байлығымен емес, адамдарының бәсекелік қабілетімен айқындалатыны  белгілі. Сондықтан, Қазақстанның әрбір азаматы  бәсекеге қабілетті, яғни  шетел тілдерін, компьютердімеңгерген, сауатты болуы керек. Осы тұста Атбасар ауданының білім бөлімі жанындағы  МКҚК №3  «Родничок» балабақшасының ұжымы  Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламасын жүзеге асыруға өз үлестерін қосуда. Осы бағдарламаны жүзеге асыру, мектепке дейінгі балалардың бойында білім мен біліктіліктерін, танымдарын, патриоттық сезімдерін, бәсекеге қабілеттілік қасиеттерін  одан әрі дамытып, арттыру мақсатында 2017 -2018 оқу жылы басында атқарылатын жұмыстар жоспары құрылып, бұл жоспар мектепке дейінгі мекеменің жылдық жоспарына енгізіліп, Атбасар ауданының білім бөлімінің басшысы Н.Г.Наймушина бекітті.

Оқу жылы барысында«Білімді бала – ел үміті!» тақырыбына ата-аналар және балалардың бірігуімен  суреттер көрмесі ұйымдастырылып, 1 қыркүйек «Білім күніне» танымдық сауық сабақтар өткізілді. Қазақстан Республикасында мемлекеттік тілін дамыту мақсатында «Мемлекеттік тіл – менің тілім » атты Тілдер онкүндігінде барлық жасаралық топтарда ашық тақырыптық ұйымдастырылған оқу қызметтері өткізілді. Осы онкүндік барысында  аудандық білім бөлімінің ұйымдастыруымен өткізілген «Ән ажары» атты патриоттық әндер фестиваліне №3 «Родничок» балабақшанан тәрбиешісі Мырзабаева Назира Омирбековна қатысып,  өз үлесін қосты.  Мектепке дейінгі балалардың танымдық қабілеттерін дамыту, Туған өлкесінің тарихын біліуге деген қызығушылықтарын патриоттық сезімдерін одан әрі арттыру, туған жеріміздің, Қазақстанның ақын – жазушыларының ерен еңбектерін, білу, бағалау мақсатында  жыл сайын балабақшаның тәрбиешілері тәрбиеленушілерін «Тарих толқынында» тақырыбында өтетін  шара бойынша жерлесіміз, Қазақстанның халқының мақтанышы жазушы, ақын Ілияс Есенберлиннің мұражайына және тарихи - өлкетану мұражайына саяхатқа барып, мол білім алуда. Сонымен қатар, Қазақстан

Республикасының Тұңғыш Президенті күнін мерекелеуге орай «Менің Президентім» тақырыбына кітаптар көрмесі ұйымдастырылса, Қазақстан Республикасының

Тәуелсіздік күні мерекесін тойлау барысында педагогтер арасында  аудандық білім бөлімінің ұйымдастыруымен өткен «Отаным - тағдырым» атты Эссе жазу 

конкурсына да балабақша тәрбиешілері белсене қатысты. Балабақшада Тәуелсіздік мерекесіне орай барлық жасаралық топта «Біздің күншақты, әсем Казақстан!» тақырыбында ертеңгіліктер өтіп, балалар суреттерінің көрмесі ұйымдастырылды. Ертеңгілік барысында  балалар әндер, тақпақтар айту, билер билеу, ұлттық ойындар ойнау  арқылы Отанына деген сүйішпеншіліктерін білдіруде.Тәуелсіздік мерекесін тойлау барысында  балабақшаның тәрбиеленушілері аудандық білім бөлімі ұйымдастырған  балалардың патриоттық әндер конкурсында «Бейбіт болсын қашанда» әнін орындап екінші орынды иеленді.

Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламасында  ата-бабамыз қолданып, қол таңбасын қалдырған  Латын әліпбиіне көшу-мәселесі де көтерілген болатын.  Латын әліпбиіне көшу – Мәңгілік Елдің рухани жаңғыруының басы. Олай болса,  МКҚК №3 «Родничок» балабақшасында  бұл мәселе назардан тыс қалған емес. Оқу жылы басына мектепке дейінгі мекеме басшысы Мырзабаева Жазира Омирбекованың жетекшілігімен  «Қазақ халқының әліппесінің шығу тарихын түсіндіру және Латын әліппесіне өту келешегі» тақырыбында  дөңгелек үстел өтті. Дөңгелек үстелге мектепке дейінгі мекеменің барлық

тәрбиешілері мен мамандары қатысып, өз ойларымен бөлісіп, Елбасының бастамасын  қолдады.Осы бағдарламаны жүзеге асыру барысында тәрбиеленушілердің ата-аналармен де бірқатар  жұмыстар атқарылуда. Ата-аналар жиналысында «Туған өлке мәдениеті EXPO-2017» халықаралық көрме ізімен тақырыбына бейнефильм көрсетіліп, елімізде өткен «EXPO-2017» көрмесінің маңыздылығы мақтанышпен айтылса,«Дені сау бала – ұлт болашағы» тақырыбына ата-аналар мен балалардың бірігуімен спорттық шаралар өткізіліп, «Рухани қазына» «Наурыз - Ұлыстың ұлы күні» тақырыбында  ұлттық тағамдарды насихаттау мақсатында көрмелер, кездесулер ұйымдастырылуда.«Ұрпақтар сабақтастығы» 

тақырыбында өтетін шараларға  «Қарттарым -қазынам»  қарттар күніне орай қарттармен, Ұлы Отан соғысына қатысқан және тылда еңбек еткен ардагерлерімен кездесулер ұйымдастыру балабақшада  салтқа айналған. Балабақша ұжымы  қала бойынша және жеңіс аллеясында өтетін барлық сенбіліктерге  белсене қатысып, қаламызды көркейтуге өз үлестерін қосып жүр.

Тәуелсіз еліміздің мәртебесін арттыру мен асқақтатуда, жан – жақты дамыған, бәсекеге қабілетті ұрпақты дамытып, жетілдіруде  №3 «Родничок» балабақшасындағы педагогтердің  атқаратын істері мен  шығатын шыңы жарқын болатынына балабақша ұжымы сенімді.

 

Балабақша әдіскері               Даулбаева Б.Н.

Просмотров: 954


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст