Текст
Балабақша тәрбиешілері С.К. Шаймерденова мен А.М. Битлеуова кулинариялық квест өткізді. Квест – дегеніміз логикалық ойлауға мүмкіндік беретін, өз талантыңды көрсетіп, көптеген оңтайлы әсер алу.
Осы шара барысында тәрбиешілер балаларға атақты Огюста Гюсто аспаздың кітабын жинауды ұсынды. Кітаптың әрбір парағын тапсырмаларды орындау арқылы іздеді. Шара барысында балалар Париждің әуенімен «канапэ» сөзінің мағнасымен танысып, оны өз беттерінше дайындап шығып, жасыл бұршақ пен қиярдан салат жасап, жыл мезгілдеріне сәйкес дастархан жасап, пица дайындады. Шараға қатысқан ата – аналар шағын топтарға бөлінген кішкентай аспаздардың көмекшілері болды. Сонымен қатар ата-аналар да өз шеберліктерін көрсетіп, тамаша торт жасады.