АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ АТБАСАР АУДАНЫ БОЙЫНША  БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ ЖАНЫНДАҒЫ АТБАСАР ҚАЛАСЫНЫҢ «РОДНИЧОК» БӨБЕКЖАЙЫ» МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНАЛДЫҚ ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫ
ГОСУДАРСТВЕННОЕ КОММУНАЛЬНОЕ КАЗЕННОЕ ПРЕДПРИЯТИЕ «ЯСЛИ–САД «РОДНИЧОК» ГОРОДА АТБАСАР ПРИ ОТДЕЛЕ ОБРАЗОВАНИЯ ПО АТБАСАРСКОМУ РАЙОНУ УПРАВЛЕНИЯ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

"Отаным - тағдырым!"

21.11.2017

Отаным-Тағдырым

                                                                                              

         Менің туып өскен жерім- егеменді Қазақстан. Қазақстанның байлығы өте көп және қазынаға бай ел. Біздің еліміздің табиғаты өте сұлу. Туған жер.... Туған ел... Осы екі ғана сөзде қаншама мағына, қаншама ой жатыр десеңізші?! Туған жердің қадірін әр адам әрқалай түсінетін шығар. Ал мен үшін Туған жер қадірі дүниедегі ең ұлы деген нәрсемен пара-пар.

Себебі, ол – менің әлпештеген анам, аялап өсірген әкем, туған туысым, аға-әпкелерім. Менің Туған жерім, Отаным – кішкентай болса да, мен үшін аса қымбат. Туған жер – адам өмірінде киелі орын алады. «Туған жер – алтын бесігім» дегендей, Туған жерсіз адамның күні жоқ. Туған жердің суы, ауасы, даласы, жусаны, бәрі-бәрі мен үшін ыстық. Алысқа кетсек, үйімізді жерімізді сағынып, барған жерден елге қайтуға асығамыз. Осы туған жерімізде біздің балғын балалық шағымыз, мектептік өміріміз, өсіп өркендеуіміз жалғасады. Аспанда қалықтап ұшқан құстар, бүршік атқан ағаш гүлдері, самалды желі, күннің қызыл шапағаты, айналадағы өзен – көлдер осылардың барлығы дерлік туған жерді құрайды. Бұл ұлы мекенде анамыз да, әкеміз де, бауырларымыз, ата-әжелеріміз де ғұмыр кешуде. Мен елімді, туған жерімді ұлттық тілімді, қасиетті дінімді құрметтеймін және де елімді, кіндік қаным тамған жерімді сүйемін! Отанға деген махаббат, сыйластықпен ұласса – ол адамның рухани деңгейінің биіктігі. Дегенмен де Отанға деген махаббат пен сүйіспеншілік, анаға деген махаббатпен тең. Әрбір жанға өзінің отбасы, туған – туыстары, жолдастары ыстық болса, Отан да адам баласына солай да ыстық. «Отан» десе адамның жүрегі езіліп, жүрекке жылы болып есептелінеді. Кез келген ұлт өкілдерінің өз Отаны бар екені айдан анық. « Отан үшін отқа түс – күймейсің» - деген мақал бар. Расында да егер Отан үшін жаныңды қисаң, ол үлкен аброй. Отан үшін өлген адамның өзі өлгенмен, аты ешқашанда өлмейді. Тарихта мәнгі қалады.

       Қазақстандай елім болғанына, қандай елдерде, мемлекеттерде жүрсем де мақтана аламын. 1991 жылы 16 желтоқсан күні Қазақстан елі өз тәуелсіздігін алды. Президент болып Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев сайланды. Әрине мемлекет құрылған кезде тіл де, рәміздеріде қалыптасады. Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі – Қазақ тілі. Туымыздың көк түсі бейбітшілікті, ашық аспанды білдіреді. Ортасында алтын арайлы күні мен қыраны бар. Ою –өрнегі шетінде орналасқан. Елтаңба шеттерінде екі алтын пырақ, ортасында шаңырағы бар. Қазақстанның ең басты мақтанышы ол өз астанасы – Астана. Бұл қалаға қазір 19 жыл. Астана қаламызға шетелден келген адамдар көп болады. Астана қаласында Парламент үйі, Ақорда және бәйтерек орналасқан. Қазақстанның бұдан басқа Алматы, Атырау, Көкшетау, Қостанай, Орал, Ақтау, Петропавл, Павлодар, Семей, Өскемен,  Қарағанды, Жезқазған, Шымкент, Тараз, Қызылорда қалалары мен көп теген ауданы, ауылдары бар. Қазақстан жер көлемі жағынан Дүниежүзі бойынша тоғызыншы орында. Қазақ елінде 17 миллионнан астам халқы бар. Елімізде 150 – ге жуық өзге ұлт өкілдері өмір сүреді. Бұл нәтижеге жүгіне отырсақ, Қазақ елі өзінің жері сияқты кең пейілді, қонақжай, бірлігі мен ынтымағы жарасқан ел екеніне көз жеткізуге болады.

Қазақстан байтақ жерінде Менделеев кестесінің 99 элементі бар. Бұл біздің үлкен мақтанышымыз. Қазақстан мұнай мен газ, химиялық өнеркәсібі өте бай ел. Көмір де қазып алынады. Химиялық өнеркәсіпте алтын, күміс, темір, мыс, қорғасын, мырыш және т.б бар. Пайдалы қазбалардан негізінен ванадий, скандий, теллур алынады. Өзге шетелдіктермен саудаласып, экономикасын дамытуда.

Бақытымызға орай Қазақстан қазіргі өтпелі кезеңнің қиындықтарына, қарама – қайшылықтарына қарамастан Тәуелсіз Мемлекеттер Достығы ішінде тыныштығы, бейбіт тіршілігін сақтап келе жатқан бірден – бір ел. Осы факторға алаңсыз сеніп, іс – әрекетсіз, қаннен – қаперсіз, қол қусырып отыра беруіміз дұрыс болмас. Әсіресе, тап бүгіндей алмағайып өтпелі кезеңді байтақ елімізде жүздеген ұлт өкілдері тұратынын және қос қапталымыздағы алып көршілеріміз бар екенін ескерсек, бұл нағыз отпен ойнаумен пара – пар емес пе?

Қазақстан мемлекеттік тәуелсіздік алғаннан бері жиырма алты жыл. Тарих ауқымын алғанда бұл уақыт жиынтығы ғана, ал мұндай уақыттың ішінде, әлбетте, мемлекеттік дамудың сапалық жағынан жаңа үлгісін қалыптастыру біршама қиын. Жиырма алты жыл – бұрынғы бірқалыпты тіршіліктің талай жылдарана татитын уақиғаларды бойына жинақтаған уақыт болды.

Қазақстан егеменді, тәуелсіз мемлекет ретінде қалыптасты және әлемдік қоғамдастықтың толық құқылы мүшесі, оның ажырамас бөлігі. Қазіргі кезде Қазақстан Республикасы әлемнің 117 мемлекетіне танылды, олардың 105 –імен дипломатиялық қатынастар орнатылды.

Еліміздің көгінде тәуелсіздік туы желбірегеннен бері өшкенміз жанды, өлгеніміз қайта тірілді, ата – баба дәстүрі көш түзеді, халқымыз еңсесін тіктеп жарқын болашаққа қол созды. Содан бері атқан оқтай зулап, табандылықтан жиырма алты жыл өтті. Қазақстанның жиырма алты жылдық ғұмырына көз салсақ, ауыз толтыра айтарлықтай, көкірегіңді мақтаныш сезімі кернеп еске аларлықтай жеткен жетістіктері, асқан асулары мен бағындырған жаңа белестері бар. «Отаным» деген жас жүрегімнен шыққан асыл сөзді мақтанышпен, асқақтықпен айталамын. Ал біздің халқымызда атамекенді ардақтау сезімі өте терең деп ойлаймын. Халқымыздың

басынан қандай қйын кезеңдер өтсе де ата – бабаларымыз елімізді сыртқы жаудан қорғай білген. Өз елі үшін жанын да, барын да аямаған. Халқымыздың осы бір қасиеті жанымызға ана сүтімен тарап, ана тілімен дарып, ақ нанымен бекуі тиіс.

Отан десем оралады ойыма

Ақсақалды, ақ шапанды қария,

Туған жерім – құт мекенім, дәриям,

Егеменді елім, туым, әнұран,

Қанатымды қағып ұшқан жанұям.

Осы жолды аңсап еді еліміз,

Ар – намысты батыр туған жеріміз.

Мақтан етер бай мұрасы, салты бар

Мен сүйетін қалың қазақ, халқым бар.

Мен өз отанымды, туған жерімді, құдіретті елімді сүйемін және мақтан етемін.

Өз елімнің дамуына теңізге тамған тамшыдай болсада үлесімді қосамын.

Просмотров: 586


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст