№3 балабақшасында «Заманауи балабақша жағдайындағы шығармашылық педагогикалық қызметтер» тақырыбына №2 педагогикалық кеңес өткізілді.
Міндеттері:
1. Педагогикалық шығармашылық пен кәсіби шеберлікті дамыту. Педагог – ата-ана, педагог – бала жүйесі бойынша оңтайлы қарым – қатынасты қалыптастыруға ықпал ететін, оқыту мен тәрбиелеудің заманауи және тиімді әдістерін педагогтардың қолдануы.
2. Балалар қызметтерін ұйымдастыру барысында педагогтердің шығармашылық ізденістерін жетілдіру.
3. Педагогтердің шығармашылық потенциалын байыту.
Педагогикалық кеңес барысында педагогикалық шығармашылықты дамыту мәселелері бойынша педагогико – психологиялық және мерзімдік әдебиеттерден шолу өткізілді.
Балабақшаның әдіскері Б.Н.Даулбаева «Балабақша тәрбиешісінің шығармашылық портреті » - тақырыбында педагогтерге кеңес берді.
Педагогтермен «Сіздің шығармашылық потенциалыңыз» тақырыбына сауалнама жүргізілді. Сауалнаманың анализі шығарылып, педагогтердің шығармашылық потенциалдарының деңгейі анықталды.
Әрбір педагог «Менің мамандығыма апаратын жол» тақырыбына кесте бойынша өзінің кәсіби қызметтері туралы ойларын әртүрлі тәсілдермен жеткізді. (плакат, слайдтар, тақпақтар және т.б)
«Шығармашылық зертхана» шегінде әрбір жасаралық топтың тәрбиешілері мен мамандар өздерінің шығармашалық қызметтері бойынша бейнефильм мен қолданған дидактикалық материалдарын ұсынды.