Тақырыбы: «Гүлді паравоз»
Мақсаты:гүлдерді өсіру арқылы балалар бойында экологиялық мәдениеттің негіздерін қалыптастыру.
Міндеттері: Өсімдіктерді өсіру кезеңі мен тәсілдері туралы ойларын кеңейту; балаларды зерттеушілік қызметке баулу; гүлдердің (жапырақтарының, тамырларының) сабақтарының құрылымын зерттеу, жас көшет пен ересек өсімдіктен айырмашалаған зерттеу. Балалар бойында экологиялық мәдениет пен табиғатқа деген сүйіспеншілікті тәрбиелеу.
Жұмыс барысында гүлдерді отырғызу тәсілдері көрсетілді. Балалар өз беттерінше лупа арқылы өсімдіктің құрылымын зерттеді.Жұмыс барысында әрбір балалар гүл сабақтарын гүл паравозына отырғызуға мүмкіндік алды. Бұл паравоз міндетті түрде балабақша ауласына барып, көзімізді гүлді вагондарымен қуантады.