Текст
Балабақшадағы театрланған қызмет
Тәрбиешілер Н.О.Мырзабаева мен Л.В.Луговская естиярлар тобы мен ІІ сәбилер тобының балалары үшін «Жасыл шөп» тақырыбы бойынша театрланған қойылым көрсетті. Қойылым барысында Қоян, Кірпі, Түлкі мен Қасқыр сиқырлы жасыл шөпті іздейді. Әдеттегідей қу түлкі аңқау қоянды алдағысы келеді. Бірақ, барлық ертегілер сияқты әділеттілік жеңеді. Балалар қойылым барысын беріле тыңдап, қойылым соңында спектаклді дайындаушыларды қошеметпен қол соғып, ризашылықтарын білдірді.