АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ АТБАСАР АУДАНЫ БОЙЫНША  БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ ЖАНЫНДАҒЫ АТБАСАР ҚАЛАСЫНЫҢ «РОДНИЧОК» БӨБЕКЖАЙЫ» МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНАЛДЫҚ ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫ
ГОСУДАРСТВЕННОЕ КОММУНАЛЬНОЕ КАЗЕННОЕ ПРЕДПРИЯТИЕ «ЯСЛИ–САД «РОДНИЧОК» ГОРОДА АТБАСАР ПРИ ОТДЕЛЕ ОБРАЗОВАНИЯ ПО АТБАСАРСКОМУ РАЙОНУ УПРАВЛЕНИЯ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Бала өміріміздегі ең қымбат қазына

26.06.2017

Бала біздің өміріміздегі ең қымбат қазынамыз.    Бүгінгі бала еліміздің ертеңгі  болашағы.  Әрбір мемлекет, әрбір отбасы бала тәрбиесіне ерекше көңіл бөлетіні белгілі. Өйткені, жас ұрпақ елмізге адал еңбек етіп, қорғап, салт дәстүрімізді сақтап, еліміздің мерейін одан әрі асқақтататын   болашақ азаматтарымыз. Қазіргі уақытта  балалардың  тәрбиелеуі  мен білім алуларына, бақытты өмір сүрулері үшін   мемлекет барлық жағадайды жасап отыр.  Н.Ә.Назарбаев президентіміздің бастауымен жыл сайын мектепке дейінгі балаларды тәрбиелейтін білім мекемелері бой көтеруде.  Осындай мектепке дейінгі білім мен тәрбие беретін мекеменің  бірі  Атбасар ауданының білім бөлімі жанындағы  МКҚК  №3 «Родничок»  балабақшасы. Балабақша ұжымы балабақшада балалардың жақсы білім мен тәрбие алып, жан-жақты дамуы     үшін барлық жағдайларды жасап,  түрлі іс-шаралар ұйымдастырып, республикалық, облыстық, аудандық конкурстадарға қатысып,   жеңімпаз атанып жүргені белгілі.  Осындай мерекенің бірі жаз айының бірінші күніне дәл келетін, балаларды қорғау күні-халықаралық мерекелердің бірі, оны бүкіл әлемде   атап өтеді. Жыл сайын 1 маусым дүниежүзілік балаларды қорғау күні   ауданымыздың барлық балабақшаларында және Атбасар қаласының әкімшілігінің ұйымдастыруымен бұл мереке жалпыхалықтық деңгейде   орталық алаңда   аталып өтілуде. Бұл күні де,  әдеттегідей №3 «Родничок»  балабақшасыныңтәрбиешілері  балалардың көңілдерін көтеру мақсатында көңілді сайқымазақ киімін киіп, балалармен  бірге көңілді ойындар ойнап,  әндер, тақпақтар  айтып,   жарыстар ұйымдастырып, балалармен бірге  қуанышқа батады.  Балалар түрлі –түсті борлармен суреттер салып,  өз қуаныштарын білдіреді. Бұл күн әр баланың есінде қалатыны сөзсіз.

Әрқашан әр баланың жүзінен, әр отбасының  шаңырағынан қуаныш күлкісі  кетпесін.

1 маусым дүниежүзілік балаларды қорғау күні   құтты болсын, балалармыз  бақытты және бейбітшілкте өмір сүрсін деген тілектеп, барша Атбасар жұртына мына өлең жолдарын жолдғым келіп отыр.

Баршамызды бала тілімен баурайтын,

Бала деген бір бақыт қой самғайтын.

Ата-ананың арманы мен тілегін,

Бала емес пе?, бал бұлақтан жалғайтын.

Сүп-сүйкімді періштелер сендерсіңдер,

Қандай бейне өздеріңе тең келетін.

Данышпан да, ғарышкер де, ғалым да,

Ең алдымен балалықты меңгерген.

Просмотров: 556


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст