25 мамырда №3 «Родничок» балабақшасы «Дарын» ересектер тобының түлектері үшін мерекенің дәстүрлі есігін айқара ашты. Бұл күн ата-аналар, педагогтар, түлектер және барлығымыз үшін де ерекше күн болды. Мерекені ересектер тобының тәрбиешілері Макажанова Любовь Константиновна, Скутельник Марина Александровна, музыка жетекшісі Аникеева Ольга Леонидовна, хореограф Лосева Татьяна Николаевна дайындады.
Балабақша ауласы мерекелік жалаушалармен әсемделіп, балабақша іші түрлі- түсті шарлармен қуанымшқа бөлеп, көңілімізді көтерді. Мерекеге сай рәсімделген музыка залынында сәнді киініп, жұптарымен кірген түлектерді ата аналары қошеметпен қарсы алды. Музыка ойнап, түлектер өздерінің алғашқы Вальстерін орындады. Бұл күні балалар балабақшамен қоштасу туралы тақпақтар оқып,
«Қош бол балабақша», «Коштасу», «Спасибо, детский сад» деген әндерді орындады. Ата-аналар мен балалар назарына «Балалықтың сатысы» атты презентация ұсынылды. Бұл презентацияда балалардың балабақшаға алғашқы келген күндері түсірілген.
Сүйікті ойыншықтармен қоштасу түрін балалар би арқылы көрсетсе, болашақта қандай мамандық иесі болатынын «Балалар не туралы армандайды» атты сахыналық қойылым арқылы ұсынды. Ертегі кейіпкері сыйқыршы Хоттабыч келіп, ойын арқылы балалардың білімдерін тексеріп, балалар мен ат-аналардың көңілдерін көтерді.
Балалар мен ата-аналар балабақша қызметкерлерін үлкен құрметпен қарсы алды. Балалар тақпақ арқылы барлық қызметкерлерге алғыстарын айтып, сыйлық ретінде балабақша қызметкерлерімен би биледі.
Мерекенің ең басты салтанатты моменті: ол балабақшаның меңгерушісі Ж.О.Мырзабаеваның құттықтауы және дипломдар мен сыйлықтар беріп, ата-аналарға алғыстар айтуы болды. Балаларға білім беріп, тәрбиелуде сіңірген еңбектері үшін ата-аналар балабақша қызметкерлеріне алғыстарын білдіріп, «Біз сіздерге ризамыз!» атты музыкалық попурри орындап берді. Салтанатты мереке тамаша флешмобпен, балалардың жарқыраған биімен, ата-аналардың ризашылығымен аяқталды. Балабақшаның салты бойынша балалар өз армандайын айтып, шарларды ұшырды.
Біздің Отанымыз - Қазақстан Республикасының кішкентай азаматтарының барлық арманы әрқашанда орындалсын деп игі тлегімізді білдіреміз.