АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ АТБАСАР АУДАНЫ БОЙЫНША  БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ ЖАНЫНДАҒЫ АТБАСАР ҚАЛАСЫНЫҢ «РОДНИЧОК» БӨБЕКЖАЙЫ» МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНАЛДЫҚ ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫ
ГОСУДАРСТВЕННОЕ КОММУНАЛЬНОЕ КАЗЕННОЕ ПРЕДПРИЯТИЕ «ЯСЛИ–САД «РОДНИЧОК» ГОРОДА АТБАСАР ПРИ ОТДЕЛЕ ОБРАЗОВАНИЯ ПО АТБАСАРСКОМУ РАЙОНУ УПРАВЛЕНИЯ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Шаттық шеңберінің жиынтығы

14.04.2017

Шаттық

шеңбер  «Кел, күлейік»

Кел, балалар, күлейік!

Күлкіменен түлейік!

Күлкі көңіл  ашады,

Күліп өмір сүрейік!

Шаттық

шеңбер  «Сәлемдесу, амандасу»

Қуан, шаттан, алақай!

Қуанатын күн келді.

Күліп шықты күн бүгін

Қайырлы таң!

Қайырлы күн!

     

Шаттық шеңбер

«Мен шыншыл

баламын»

Арым таза, ақ көңіл,

Адалдыққа сенемін.

Абыройлы ақ ниет,

 Адамдыққа

сенемін!

 

 

2.    

Шаттық шеңбер

«Жүректен

жүрекке»

Біздің топта ұлөқыздар,

Тату-тәтті ойнаймыз.

Айналаға, бар адамға

Тек мейірім сыйлаймыз.

 

 

3.    

Шаттық шеңбер

«Тату-тәтті

отбасы»

Сенде де бар жанұя,

Улкендер де кіші де,

Жанұя бары шуақ қой,

Қуаныш пен қуат қой!

      

Шаттық шеңбер

«Сәлем

берем үлкенге»

Алдымыздан кезіккен,

Көп танысты көреміз,

Бәріне де ізетпен,

Сәлеметсіз бе, ағай? – деп,

Сәлеметсіз бе, апай? – деп,

Есенсіз бе, апай? – деп,

Амансыз ба, атай? –деп,

Ұл-қыз сәлем береміз,

Өнегелі өренбіз.

Шаттық шеңбер

«Күнге

сәлем»

Қуан, шаттан, алақай,

Қуанатын күн келді.

Қайырлы таң! Қайырлы күн!

Күліп шықты күн бүгін!

 

Шаттық шеңбер

«Шаңырақ»

Атамнан басталар,

Әжеммен қосталар.

Отбюасым мыналар:

Ең жақын адамдар.

Әкем мен анам бар,

Бір туған ағам бар,

Бір туған апам бар...

Бәрін жақсы көремін.

Еркелеймін, еремін!

 

Шаттық шеңбер

«Шын

жүректен»

Ән салуға барамыз, (шеңбер бойлай жүреді)

Досымызды табамыз. (тоқтайды)

Сәлемет пе! Міне мен! (қолдарын екі жаққа сермейді)

Доспын енді сенімен! (көршілерімен қол алысады)

 

 Шаттық шеңбер

«Сәлемдесу»

Амансың ба, Алтын күн!

Амансың ба, Жер Ана!

Амансың ба, достарым!

Сендерді көрсем қуанам!

 

 Шаттық шеңбер

«Қайырлы

күн!»

Жарқырап күн де ашылады,

Айналаға нұр шашылады.

Қайырлы күн! Біз көңілді баламыз!

Қайырлы күн! Біз сүйкімді баламыз!

 

 Шаттық шеңбер

«Жүректен

жүрекке»

Балдырған баламыз,

Досты көп табамыз.

Қашан да, қайда да,

Достар бір-біріне

Сенімді боламыз.

2 деген 2 дос,

Бірін-бірі қимайтын.

Артық-кемді етпей сөз,

Бірін-бірі сыйлайтын.

 

 Шаттық шеңбер

«Жер анаға

сәлем»

     Армысың шапағатты Күн Ана!

Армысың қайырымды Аспан Ана!

Армысың мейірімді ЖерАна!

Құт дарыт, бар әлемді жарылқа!

      

 Шаттық шеңбер

«Жүректен

жүрекке»

Күніміз ашық болсын!

Түніміз тыныш болсын!

Ауамыз таза болсын!

Суымыз мөлдір болсын!

   

 Шаттық шеңбер

«Тілек

тілеу»

Барлығымыз табиғатты сүйеміз,

Үлкендердің сөзін ойға түйеміз.

Денсаулықты әрқашан да сақтаймыз,

Бейбіт өмір баршамызға тілейміз!

     

 Шаттық шеңбер

«Мен

Отанымды сүйемін»

Отан деген 

- атамекен,

Отан деген – туған жер.

Отан –Ана,

Отан –үлкен,

Қазақстан – туған ел!

           

 Шаттық шеңбер

 «Сүйікті бала-бақшам»

Бала, бала, баламыз,

Бақшамызға барамыз.

Күні бойы қызыққа

Батамыз да қаламыз!

 

 

 

 

                   

Шаттық шеңбер

«Өзін-өзі

тану әлеміне»

Ризамын саған,

«Өзін-өзі тану әлемі»

Ризамын саған,

 

Дәптерім менің әдемі,

Ризамын саған,

«Өзін-өзі тану әлемі».

Сүйеміз біз қоршаған бар әлемді.

                   

Шаттық шеңбер

«Жүректен

жүрекке»

Біз балдырған тең басқан,

Дос құшағын елге ашқан.

Тілегіміз тыныштық,

Ашық болсын кең аспан.

Мықты болсын іргеміз,

Бәріміз де біргеміз.

 

                  

Шаттық шеңбер

«Туған

жерім»

Жайлауымдай жазықпын.

Әзенімдей өршілмін,

Гүлдерімдей нәзікпін.

Қуат алған өзіңнен,

Туған елдің ұлымын.

Бақытты етіп өсірген,

Отанымның гүлімін.

 

Шаттық шеңбер

«Ізгі

сөздер»

Бақшамызға барғанда,

Жолыққан бар жандарға,

Ертемен, ақ пейілмен,

«Қайырлы таң!» - деймін мен.

Күндіз де елді елеймін:

«Қайырлы күн!» - тілеймін.

Үйге кешке келемін,

Не дерімді білемін:

«Кеш жарық!» - деп кіремін.

 

Шаттық шеңбер

«Сәлем

беру»

Көшелерден біз өткен,

Ата көрсем жақын кеп,

Сәлем берем ізетпен:

Ассалаумағалейкум!» - деп.

Алдан әже жолықса,

Бөгелем де әдейлеп,

Сәлемдесем сол тұста:

«Есенсіз бе, әжей?» -деп.

Кім кезіксе көшеде,

Таныс емес демеймін.

Аға, тәте, көкеге

«Сәлеметсіз бе?» - деймін.

 

Шаттық шеңбер

    «Қайырлы таң»

Қайырлы таң, ашық аспан!

Қайырлы таң, кең далам!

Қайырлы таң, күннің нұры! Қайырлы таң, бала-бақшам

Просмотров: 72791


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст