Атбасар қаласының №3
«Родничок» балабақшасындағы Мемлекеттік тілді үйреніп
жатқан өзге ұлт өкілдерінің мектепке дейінгі тәрбиеленушілер арасында өткен
шығармашылық конкурсының есебі
1.Конкурстың мақсаты:
"Мәңгілік ел" идеясын іске асыру шеңберінде балалар мен оқушылардың еліміздің рухани және жалпыұлттық құндылықтарына негізделген зияткерлік және шығармашылық қабілеттерін қолдау және насихаттау.
2.Конкурстың міндеттері.
- балалардың және оқушылардың дағдысын шығармашылық қабілетін және көркемдік талғамын дамыту;
- тұлғаның коммуникативті құзыреттілігін дамыту үшін жағдайлар жасау бойынша білім беру мекемелерінің жұмысын жандандыру;
- өскелең ұрпақтың қазақ тілі мен әдебиетіне, ұлттық қолданбалы өнеріне, музыкалық өнеріне маңызды рухани құндылықтар ретінде оң көзқарасын қалыптастыруға ықпал жасау;
- білім алушылардың өзін-өзі көрсете алуы, олардың әлеуметтік және шығармашылық белсенділігін арттыруы үшін жағдай жасау;
МКҚК №3 «Родничок» балабақшасында 2017 жылдың 27, 28, 29 наурызы күндері Мемлекеттік тілді үйреніп жатқан өзге ұлт өкілдерінің мектепке дейінгі тәрбиеленушілер арасында шығармашылық конкурс өтті.
Конкурсқа ересектер тобының тәрбиеленушілері қатысып, конкурс нәтижесін шығаруға әділ қазылар алқасы сайланды.
Әділқазылар алқасы:
Комиссия
төрайымы: Мырзабаева Ж.О.
Комиссияның
мүшелері: Утегенова Б.Т.
Макажанова Л.К.
Шаймерденова С.К.
Мырзабаева Н.О.
№3 «Родничок » балабақшасында құрылған жоспар бойынша келесі іс-шаралар аталып өтті:
1. Шығармашылық конкурс келесі номинациялар бойынша өткізілді.
а)«Музыкалы қонақжай» номинациясында ересектер тобынан бес тәрбиеленуші қатысып, сол балалардың ішінен Кудинова Юля әділ қазылардың отбасы, достары, үйдегі достары жөнінде қойған сұрақтарына да жауап беріп, жақсы көретін ертегілерін айтып жеңіске жетті.
б)«Театрландырылған қойылым» номинациясына ересектер тобынан төрт тәрбиеленуші қатысты. Ерекеше көзге түскен тәрбиеленушісі Дужнова Милана өзін саханада ұстау, дауысының тазалығымен көзге көрініп, жеңіске жетті. Әділ қазылардың отбасы, достары, үйдегі достары жөніндегі сұрақтарына да жауап беріп, ертегі айтып берді.
в) Әдеби оқу номинациясы бойынша үш тәрбиеленуші қатысып, сол балалардың арасынан дауыс ырғағы, әртістігі, дыбысты таза айтуы ескеріліп, Передерко Витя жүлделі орынға ие болды.Сонымен қатар әділ қазылардың отбасы, достары, үйдегі достары жөнінде қойған сұрақтарына жақсы жауап берді. «Менің әжемнің ертегілері ...» бойынша қазақ тілінде ертегі айтты.
Конкурсқа қатысқан барлық тәрбиеленушілер Мемлекеттік тілде өткен конкурсқа белсене қатысып, өз білімдерін көрсетті.
Конкурс нәтижесі және әділ қазылардың қортындысы бойынша:
1.«Музыкалы қонақжай» номинациясында - Кудинова Юля жеңіске жетті.
2.«Театрландырылған қойылым» бойынша - Дужнова Милана жеңіске жетті.
3. Әдеби оқу номинациясы бойынша - Передерко Витя жеңіске жетті.