Құммен ойындар
21.07.2026
🌞 «Балапан» тобындағы құммен ойындар 🏖️
Бүгін «Балапан» тобының бүлдіршіндері құммен қызықты ойындар ойнады. Балалар құмнан қамалдар тұрғызып, бәліштер жасап, жолдар салып, өздерінің қиялындағы түрлі бейнелерді сомдады.
Құммен ойнау балаларға қуаныш сыйлап қана қоймай, олардың ұсақ моторикасын, қиялын, тілін, зейінін және бірлесіп ойнау дағдыларын дамытуға ықпал етеді. Әрбір бала өз шығармашылығын көрсетіп, ерекше әсер алды.
Балалардың шат күлкісі мен көтеріңкі көңіл-күйі бұл күнді жарқын әрі есте қаларлықтай етті! 🌼😊Просмотров: 880