«Айналайын» кіші тобының жазғы серуені

21.07.2026

🌞 «Айналайын» тобының жазғы серуені 🌿
Күн сайын серуен барысында бүлдіршіндеріміз жаңа дүниелерді танып-біліп, қызықты уақыт өткізуде! 💚
Бүгін балалар қуана әткеншек теуіп, құмсалғышта ойнап, құмнан түрлі пішіндер жасап, қоршаған ортаны зерттеп, достарымен бірге көңілді ойындар ойнады. Осындай ойындар балалардың қиялын, ұсақ моторикасын, қимыл-қозғалыс үйлесімділігін дамытып, достыққа, бір-бірімен бөлісуге және өзара көмектесуге тәрбиелейді. 🤗
Біз үшін ең бастысы – бүлдіршіндеріміздің шат күлкісі, көтеріңкі көңіл күйі және бақытты балалық шағы! ☀️

Просмотров: 895


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу