Ақмола облысы Білім басқармасының Атбасар ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы Атбасар қаласының "Ақбота"бөбекжайы" МКҚК-не мемлекеттік тілде оқытатын тәрбиешінің бос лауазымына конкурс өткізетіндігі туралы хабарландыру

29.07.2026

Ақмола облысы Білім басқармасының Атбасар ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы Атбасар қаласының  «Ақбота» бөбекжайы"МКҚК-і Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің  22.11.2021 жылғы №432 "Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерін лауазымға тағайындау, лауазымнан босату қағидаларын бекіту туралы"  және   жаңа редакциядағы ҚР Білім және ғылым министрлігінің 2021.11.19 №568 бірлескен бұйрығымен, Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2012 жылы 30 наурызда №7495 бұйрықпен  тіркелген, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2012 жылғы 21 ақпандағы №57 бұйрығына сәйкес, мемлекеттік тілде оқытатын тәрбиешінің лауазымы бойынша 1,125  жүктемесіне  бос орынға  конкурс өткізетіні туралы хабарлайды.

Мекен - жай: Ақмола облысы,   Атбасар қаласы,   Қажымұқан көшесі 49а, телефон 8-716-43-6-22-67,

8-775-835-46-03, sad3atbasar@mail.ru

  1. негізгі функционалдық міндеттерін, еңбекақы мөлшері мен шарттарын белгілей отырып, бос және (немесе) уақытша бос лауазымның атауы:  мемлекеттік тілде оқытатын топқа тәрбиешінің   лауазымы. Педагогтің лауазымдық жалақысы 115 672 тенгеден бастап,   біліміне, біліктілігіне және жұмыс өтіліне байланысты.
  2. педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген кандидатқа қойылатын біліктілік талаптары бекітілсін: педагогтің "Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту" бағыты бойынша жоғары кәсіптік педагогикалық білімі болуы тиіс, жұмыс өтіліне талаптар қойылмайды;
  3. Құжаттарды қабылдау мерзімі конкурс өткізу туралы хабарландыру жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап есептеледі;

      4)  Құжаттар тізімі:

- осы Қағидаларға 10-қосымшаға сәйкес түр бойынша қоса берілетін құжаттардың тізбесін көрсете отырып, конкурсқа қатысу туралы өтініш;

- жеке басын куәландыратын құжат немесе цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (сәйкестендіру үшін);

- кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты тұрғылықты мекенжайы және байланыс телефондары көрсетілген – бар болса); -  педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;

 - еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);

- "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының түрін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген) бекітілген түр бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама;

- Психоневрологиялық ұйымнан анықтама;

- Наркологиялық ұйымнан анықтама;

- ұлттық біліктілік тестілеу сертификаты (бұдан әрі-ПББ) немесе педагог-модератордың, педагог-сарапшының, педагог-зерттеушінің, педагог-шебердің біліктілік санатының болуы туралы куәлік (болған жағдайда);

- педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың 11-қосымшаға сәйкес түр бойынша толтырылған бағалау парағы;

Кандидат біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру, ғылыми/академиялық дәрежелер мен атақтар беру, ғылыми немесе әдістемелік жарияланымдар, біліктілік санаттар туралы құжаттардың көшірмелері, алдыңғы жұмыс орнының басшылығынан ұсынымдар) бар болса ұсынады.

Просмотров: 926

Қосымшалар:



Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу