«Әкем, анам және мен – спорттық отбасымыз!» осындай девизбен №3 «Родничок» балабақшасының барлық топтарында спорттық жарыстар өтті. Спорттық онкүндікті алғашқылардың бірі болып «Айналайын» тобының тәрбиеленушілері ашты. Балабақшаның ең кішкентай тәрбиеленушілері өздерінің алғашқы жарыстарын ата-аналарымен бірге өткізді. «Балапан» тобының тәрбиеленушілері мен ата - аналары спорттық жарысқа белсене қатысты. Ж арыста қызықты конкурстар көп болды. Солардың бірі үлкен Өгіз жарысы. Жарыс барысында Аю қонаққа келді. Мемлекеттік тілде оқитын естиярлар тобының балалары нағыз Құтқарушымен жарысқа түсіп, өздерінің күштерін «Арқан тарту» ұлттық ойыны арқылы көрсетті. «Дарын» тобының тәрбиеленушілері ата-аналарымен бірге өздерінің ептіліктері мен шапшаңдықтарын көрсете білді. Спорттық онкүндіктің аяғында естиярлар тобының тәрбиеленушілері мен ата-аналары қызықты конкурстарға тап болып, бұл конкурстарды аса қызығушылықпен орындап шықты. Жарыс барысында кімнің Олимпиадалық алауы жақсы жанған болса, сол команда жеңіске жетті.
Ата-аналар қоғамы өткізілген шара туралы жақсы-жақсы пікірлер айтты. Жасаралық топтағы барлық тәрбиешілерге өздерінің алғыстары мен ризашылықтарын білдірді.