Көңілді көлеңкелер

25.08.2026 «Жануарлардың көлеңкесін саламыз және өз көлеңкемізбен билейміз!» «Балапан» тобында балалармен қызықты әрі танымдық шығармашылық ойын ұйымдастырылды. Балалар жануарлардың көлеңкелерін салып, олардың пішінін ажыратып, қиялдары мен ұсақ моторикаларын дамытты. Іс-шараның екінші бөлімінде бүлдіршіндер өз көлеңкелерімен көңілді би билеп, түрлі қимылдар жасап, ерекше әсерге бөленді. Бұл ойын балалардың шығармашылық қабілеттерін, қимыл-қозғалысын, зейінін және қоршаған ортаға қызығушылығын дамытуға ықпал етті. Ойын арқылы – білімге, шығармашылық арқылы – жарқын болашаққа! 🌟
Просмотров: 416


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу