«Дарын» мектепке дейінгі тобы Тәрбиеші: Л.К. Мақажанова «Қазақстан халқы тілдері күніне арналған онкүндік»

11.09.2026

     «Дарын» мектепке дейінгі тобымызда Қазақстан халқы тілдері күніне арналған іс-шаралар топтамасы өткізілді.

Бұл іс-шаралардың мақсаты – балалардың қазақ және орыс тілдеріне деген қызығушылығы мен құрметін арттыру, сондай-ақ олардың сөздік қорын байытып, сөйлеу дағдыларын, есте сақтау қабілетін, зейіні мен шығармашылық қабілеттерін дамыту болды.

Тілдер күніне арналған өлеңдерге ерекше назар аударылды. Балалар мәнерлеп оқуға алдын ала дайындалып, шығармаларды қазақ және орыс тілдерінде мәнерлеп оқып берді. Олардың өнері балалардың ынта-жігерін, зейінінің мықтылығын және мерекелік шараға деген қызығушылығын паш етті.

Мұндай іс-шаралар еліміздің тілдеріне, мәдениеті мен салт-дәстүрлеріне деген құрмет сезімін қалыптастырады, сонымен қатар балалардың тіл үйренуге деген қызығушылығын арттырады.

 

Просмотров: 210


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу