«Дарын» мектепалды тобы Қызықты математика Тәрбиеші: Макажанова Л. К.

09.10.2026

«Дарын» мектепалды тобында балалардың математикалық түсініктерін бекітуге, логикалық ойлауын, зейінін, есте сақтау қабілетін және танымдық белсенділігін дамытуға бағытталған математика негіздері бойынша ұйымдастырылған іс-әрекет өткізілді.

Іс-әрекет барысында балалар әртүрлі тапсырмаларды үлкен қызығушылықпен орындады. Балалар «Төртіншісі артық» дидактикалық ойынын ойнап, артық затты табуды және өз таңдауын түсіндіруді үйренді. Заттарды санап, олардың санын сәйкес цифрмен белгіледі. Берілген мөлшердегі заттарды қызығушылықпен бояп, сан қатарын құрастырды және санау таяқшаларымен практикалық тапсырмаларды орындады. Осы арқылы сандар мен заттардың сандық мөлшері туралы білімдерін бекітті.

Балалардың ерекше қызығушылығын тудырған кезең – «Бағдаршам» әдісі арқылы өзін-өзі бағалау болды. Әр бала өз жетістігін бағалап, тапсырмаларды қаншалықты жақсы орындағанын анықтап, өз бағасын түстер арқылы көрсете алды. Бұл әдіс балалардың дербестігін, өз күшіне деген сенімділігін және өз нәтижелерін талдай білу қабілетін дамытуға ықпал етті.

Ұйымдастырылған іс-әрекет жағымды әрі қызықты атмосферада өтті. Балалар белсенділік, білуге деген құштарлық танытып, ұсынылған тапсырмалардың барлығын сәтті орындауға ұмтылды.

 

 

 

 

 

Просмотров: 408


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу