"Күз аруының қонағында"

15.10.2026 🍁 «Күз аруының қонағында» — «Айгөлек» тобының күзгі ертегісі 🍂 «Ақбота» бөбекжайында күзгі ғажайыптар әлеміне саяхатқа толы ерекше мереке өтті! Жыл сайын Алтын күз балалардың қонағына келіп, оларға түрлі-түсті бояуларын, қызықты ойындарын және көтеріңкі көңіл күйін сыйлайтын. Ал биыл бәрі өзгеше болды! ✨ «Айгөлек» тобының тәрбиеленушілері өздері Күз аруының қонағына аттанып, алтын күздің әсем әлеміне саяхат жасап, нағыз ертегінің кейіпкерлеріне айналды! Балаларды қызықты саяхаттар, көңілді билер, әндер, ойындар мен көтеріңкі көңіл күй күтіп тұрды. 🍁 Балалар күзгі тосынсыйларға қуана қатысып, өз өнерлерін көрсетіп, айналасына шаттық пен күлкі сыйлады. Мереке жарқын, көңілді әрі есте қаларлықтай өтті! Өйткені күз — алтын жапырақтар мен табиғаттың мол сыйы ғана емес, сонымен қатар ғажайыптар, балалық күлкі мен жылы естеліктер мезгілі. ❤️ «Айгөлек» тобы — күзгі ғажайыптарға қарай! 🍂🌟 «Ақбота» бөбекжайы
Просмотров: 272


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу