Үстел ойындары - бұл зияткерлік ойындар, олар балаларға жеңіл ойын түрінде дұрыс дамып-жетілуге көмектеседі. Үстел ойындары балаларда ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамытады, бөлісуге, зейінді, логикалық және бейнелі ойлауды дамытады, басқа ойыншылармен қарым-қатынас жасауға, ережелерге бағынуға үйретеді.
Үстел үсті ойыны-қызығушылықты арттырып, ой-ойрістерін бір уақытта дамытады.
Маңызды міндеттері – балаларды жеңілісті қабылдай білуге үйрету, себебі ойын барасы өмірдегі қиыншылықтардан онайрақ келеді. Ережелерге сәйкес әрекет ету-бұл қажетті дағды, өйткені оларсыз қоғамда өмір сүру мүмкін емес.
Ойын баланың белсенді әрекетке деген ішкі қажеттілігін көрсетеді. Ол қоршаған әлемді білудің құралы ретінде әрекет етеді, ойын барысында балалар өздерінің сезімтал және өмірлік тәжірибелерін байытады, бір-бірімен және ересектермен қарым-қатынас жасайды, балалар ойын қауымдастығын ұйымдастырады.
Біздің топтағы үстел ойындары әртүрлі. Әр баланың өз қалауы мен қабілеттері бойынша ойын таңдауға мүмкіндігі бар. Бос уақытында балалар топқа бөлініп, жеке және жұппен қуана ойнайды.