АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ АТБАСАР АУДАНЫ БОЙЫНША  БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ ЖАНЫНДАҒЫ АТБАСАР ҚАЛАСЫНЫҢ «РОДНИЧОК» БӨБЕКЖАЙЫ» МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНАЛДЫҚ ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫ
ГОСУДАРСТВЕННОЕ КОММУНАЛЬНОЕ КАЗЕННОЕ ПРЕДПРИЯТИЕ «ЯСЛИ–САД «РОДНИЧОК» ГОРОДА АТБАСАР ПРИ ОТДЕЛЕ ОБРАЗОВАНИЯ ПО АТБАСАРСКОМУ РАЙОНУ УПРАВЛЕНИЯ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Біз Атбасарда қыдыруға шақырамыз!»

22.10.2021

Әр аймақ, әр қала қайталанбайды, тарихи өткенімен, сәулетімен ерекшеленеді. Балалар жас ерекшіліктеріне байланысты, қоршаған ортаның сәулеттік мазмұнына қызығушылық танытады. Ересектердің міндеті олардың білімін дұрыс бағытқа бұрып, жол көрету.

Балалардың Отанға деген сүйіспеншілігін қалыптастырудың негізгі кезеңі олардың туған қаласында әлеуметтік өмір тәжірибесін жинақтау, оның мәдениеті мен танысудан басталуы қажет. Отанға деген сүйіспеншілік өзінің кіші Отанына - адам дүниеге келген жерден  басталады. Балаларға туған қаласының мәдени құндылықтарына деген сүйіспеншілік пен сезімін ояту өте маңызды, өйткені патриотизм осы негізде тәрбиеленеді. Патриотизмнің іргетасы балаларды туған өлкесімен  таныстыру болып табылады.

Осы мақсатта ата-аналарға үй тапсырмасы ұсынылды: балалармен бірге Атбасар қаласының ескерткіш орындарының суреттерін салу және макеттерін жасау және де сол туралы шағын әңгіме құру.

Ата-аналар балаларымен бірге №3 "Родничок"бөбекжайы МКҚК-да өткен көрмеге белсенді қатысты. Барлық жұмыстар лайықты бағаланды және назардан тыс қалмады.

"Атбасарға барлығын шақыруға қуаныштымыз!" Атбасар қаласы туралы "Айгөлек" ересек тобының балаларымен танымдық әңгіме өткізілді. Балалар тарихи орындар  және де ескерткіштер туралы әңгімелерді  үлкен қызығушылықпен тыңдады.

Осындай көрменің арқасында балалар өз қалаларының өмірімен, ауданның көрікті жерлерімен, ескерткіштерімен жақынырақ танысады, сондай-ақ туған қаласының сұлулығын көруге және бағалауға үйренеді.

 

 

Просмотров: 225


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст