Текст
"Дарын" мектепалды тобында "Түлкі" тақырыбына аппликация бойынша ұйымдастырылған оқу қызметі өткізілді, оның мақсаты көркем образдарда өзінің шығармашылық қабілеттерін білдіру білігін дамыту үшін жағдай жасау, аппликацияда Түлкі бейнесінің өзіне тән ерекшеліктерін беру білігін қалыптастыру болды. Балаларды аппликацияда бірнеше бөліктен тұратын тақырыпты бейнелеуге үйретуде міндеттер қойылды: қайшыны дұрыс ұстау, оларды кесу, мұқият желімдеу қабілетін бекіту. Зияткерлік және шығармашылық қабілеттерін, ұсақ моторикасын дамыту. Табиғатқа оң көзқарас қалыптастыру. Сабақ барысында балалар жұмысты өздері жасауға тырысты, жұпта жұмыс істей отырып, бір-бірімен кеңесіп отырды.