Текст
"Айналайын" кіші тобында аппликация бойынша сабақ өтті .
Тақырыбы: "Жүк машинасы"
Мақсаты: бірнеше бөлшектерден суреттер жасай білуге үйрету. Балаларды машинаның негізгі бөліктерін атауға және көрсетуге үйрету. Балаларды "жүк автомобилі" көлік құралымен таныстыру, оларға "жүргізуші" мамандығы туралы білім беру, автомобиль бөліктері туралы білімдерін бекіту. Сөйлеуді, зейінді, байқауды, сигналға жауап беру қабілетін дамыту. Қызығушылыққа тәрбиелеу.
Алдын-ала өткізілген жұмыс: балалармен көлік түрлері туралы әңгімелесу, суреттерді қарау. Сабақ барысында балалар жапсырмаларды орындап, саусақ гимнастикасын жасады, сонымен бірге өз жұмыстарын бағалауды үйренді.