АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ АТБАСАР АУДАНЫ БОЙЫНША  БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ ЖАНЫНДАҒЫ АТБАСАР ҚАЛАСЫНЫҢ «РОДНИЧОК» БӨБЕКЖАЙЫ» МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНАЛДЫҚ ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫ
ГОСУДАРСТВЕННОЕ КОММУНАЛЬНОЕ КАЗЕННОЕ ПРЕДПРИЯТИЕ «ЯСЛИ–САД «РОДНИЧОК» ГОРОДА АТБАСАР ПРИ ОТДЕЛЕ ОБРАЗОВАНИЯ ПО АТБАСАРСКОМУ РАЙОНУ УПРАВЛЕНИЯ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

"Біздің Тәуелсіз Қазақстан"

15.12.2021

   Тәуелсіздік күні бүкіл әлемде мемлекеттіліктің негізін білдіретін ең маңызды мерекелердің бірі ретінде атап өтіледі.Қазақстан үшін Тәуелсіздік Күні тарихқа мемлекеттік егемендік туралы идеяны өркендету ретінде енді.Бұл күннің маңыздылығы, ол Қазақстан халықтарының бірлігі сезімін күшейтеді және нығайтады. Қазіргі Қазақстан шежіресі 1991 жылдың 16 желтоқсанынан басталады. Бұл күні Қазақстан өзін тәуелсіз егемен мемлекет деп жариялады. 30 жыл бұрын Қазақстан өз тәуелсіздігін алып, өз тарихында жаңа кезең ашты: күшейе түсті, өз дамуында үлкен нәтижелерге қол жеткізді. Қазақстанның көпұлтты халқы осы басты мерекені салтанатты түрде атап өтеді.

   Біздің балабақшада өскелең ұрпақты патриоттық тәрбиелеуге;жоғары патриоттық сананы,өз елі үшін мақтаныш сезімін қалыптастыруға үлкен мән беріледі.Осы мақсатта біздің "Айгөлек" тобымызда Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған "Жас патриоттар" атты тақырыптық сабақ өтті. Сабақ ойын түрінде өтті, онда балалар әдемі Айсұлудың тапсырмаларын орындады.Сабақ барысында балалар Қазақстан Республикасы,оның рәміздері,қазақ халқының салт-дәстүрлері туралы білімдерін көрсетті. Командалық ойын барысында балалар қызығушылық танытты. Сабақ соңында Айсұлу сабаққа тамаша уақыт өткізгені үшін алғысын білдіріп, Қазақ ұлттық "Шашу"рәсімін өткізді .

   Өткізілген іс-шара балалар мен педагогтарда патриотизмді тәрбиелеуге,мемлекетке құрметпен қарауды дамытуға,халықтың салт-дәстүрлеріне оң көзқарас қалыптастыруға,Отан тағдырына қатыстылық сезімін дамытуға ықпал етті.

Просмотров: 245


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст