Ақмола облысы Білім басқармасының Атбасар ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы Атбасар қаласының "Родничок "бөбекжайы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны өз қызметін "Мемлекеттік қызмет көрсету туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына, Мемлекеттік қызметтер көрсету қағидаларына сәйкес жүзеге асырады.
Білім беру саласында мемлекеттік қызметтің 2 түрі көрсетіледі. Әрбір қызметке мемлекеттік қызмет көрсету Ережесі бекітілген, онда қызмет көрсету тәртібі, мерзімдері, тәсілдері және құжаттар тізбесі жазылған. Барлық қызметтер тегін көрсетіледі.
2021 жылы Атбасар қаласының "Родничок" бөбекжайы барлығы 71 қызмет көрсетті, оның ішінде "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы арқылы-2, электрондық нұсқада - 69, қағаз нұсқада - 0.
2020 жылы барлығы 44 қызмет көрсетілді, оның ішінде "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы арқылы - 1, электрондық нұсқада - 43, қағаз нұсқада -0.
Неғұрлым сұранысқа ие мемлекеттік қызметтер:
Педагогтердің біліктілік санаттарын беру және растау рәсімдерінен өту үшін құжаттарды қабылдау;
Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және балаларды қабылдау.
Сондай-ақ, Мектепке дейінгі мекемеде ақпараттық стендтерде мемлекеттік қызметтердің стандарттары мен ережелері орналастырылған. Өзіне - өзі қызмет көрсету бұрышы жұмыс істейді.
2021 жылы Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша қызмет алушылардан шағымдар түскен жоқ.