02.03.2022
Мемлекеттік тілде оқытылатын
«Күншуақ» ортаңғы тобында "Қар жауып тұр" тақырыбында сабақ өткізілді.
Сабақ барысында балалардың дамытушылық қабілетіне арналған тапсырмалар беріліп, балалар орындады.
Сабақтың мақсаты: Қағазды умаждау арқылы қар кесектерін жасауға болатынын түсіндіру. Қыс мезгілінің табиғи ерекшеліктерін меңгерту. Қыс мезгілі, қысқы ойындар, қысқы табиғат жайлы түсінік беру. Танымдық, шығармашылық қасиеттерін, тілін, сөздік қорын дамыту. Табиғатқа, қоршаған ортаға деген сүйіспеншілігін арттыру.
Сабақ соңында балалармен "Қар жинаймыз" ойыны ойнатылды.