02.03.2022
Мемлекеттік тілде оқытылатын
«Күншуақ» ортаңғы тобында "Музыкалық ойыншықтар" тақырыбында сабақ өткізілді.
Сабақтың мақсаты: музыкалық аспаптар түрлерімен таныстыру, одан шыққан әуенді тыңдай білуге, дауыс артикуляциясы арқылы дыбысталуын ажырата білуге үйрету. Әсемдікті сезінуге тәрбиелеу.
Балалар домбыра, ксилофон, дауылпаз, сырнай секілді музыкалық аспаптармен таныстырылды. Сабақ соңында балалар музыкалық ойыншықтармен ойнады.