8 наурыз - Әйелдер күні, балалар сүйікті аналарын, әжелерін, әпкелерін құттықтауды жақсы көретін және асыға күтетін мерекенің бірі. Біздің сүйікті аналарымыз ерекше құттықтауларға ие болады, өйткені әр адам үшін ана – жер бетіндегі ең жақын және қымбат жан. Біздің балабақшада « Балапан» ортаңғы тобында 8 наурыз мерекесіне орай балалар ертеңгілік өткізді. Мерекесі қарсаңында балалар 8 наурызда анасына қандай сыйлық керектігін, қалай қуанту керектігін көп ойланып, тәрбиешімен бірге сүйікті аналарына арналған мерекелік сыйлықтар дайындады. Балаларға мерекеге әртістер келді. Балалар актерлерге айналып, музыкалық аспаптарда ойнады. Балалар сүйікті аналарына арналған "Мама милая, мама моя" әнін орындады, сәнденген қыздар бастарында әдемі гүлдер тағып дефиле көрсетті. "Гүлдер", " Орамалды кім тез шешеді " т.б., ойындарын ойнады. "Анам мен қызы" атты қойылым көрсетті. Балалар қыздарға өз қолдарымен жасалған сыйлықтарын сыйлап, құттықтады.