Денешынықтыру сауығы: "Тазалық пен денсаулық еліне саяхат"
Міндеттері: Тәрбиешімен бірге жаттығуларды орындауды қалыптастырып, әрекеттер мен сөздерді үйлестіру. Қозғалысты жаттығулар мен динамикалық кідірістер арқылы балалардың денсаулықтарын сақтау. Шығармашылық фантазиялары мен қиялдауларын дамыту. Ойындық тапсырмаларға және өз қызметтерінің нәтижелеріне деген оңтайлы қатынастарды қалыптастыру.
І сәбилер тобында ата-аналармен бірге спорттық сауық өтті. Балалар осы мерекені аса қуанышпен күтті. Жарыстың бастапқы кезінде Тазалық пен Денсаулық хандығынан сыйлықтың келу күтпеген жағдай болды. Одан кейін балаларға аю қонаққа келіп, балалармен және ата-аналармен жаттығулар жасады. Жарыста «Заттарды апар», «Көңілді пингвин», «Еңбектеп өт» және тағы басқа жарыстар болды. Конкурс соңында «Күн» биін билеп, Аю балаларға сыйқырлы дәрумендер берді.