Текст
6 наурыз күні балабақшада 8 Наурыз мерекесіне арналған мерекелік іс - шаралар өтті. Көктем басталысымен келетін ең керемет мерекелердің бірі - Халықаралық әйелдер күні. Бұл мереке біздің жақсы көретін мерекелеріміздің бірі. Сегізінші наурыз мерекесін естен кетпейтіндей, жақсы әсерлер қалдыру үшін тамашалап қарсы алуға тырысамыз. Міне, біздің "Кәмпит ағашы" тақырыбында өткен мерекеміз есте қаларлықтай болды! Жиналған аналарға педагогтар мен балалар тамаша тақпақтар арнап, әндер айтып, билер биледі және әр түрлі конкурстар ұйымдастырды.