Текст
Наурыз мерекесі қарсаңында "Күншуақ" тобында "Наурыздың Көктемді құтқаруы"атты театрландырылған көрініс түрінде ертеңгілік өтті. Қонақтар мен ата-аналар ертегі оқиғаларының өткенін қызығушылықпен тамашалады. Театрландырылған қойылым бимен, әнмен және ұлттық ойындармен сүйемелденді. Балалар өз рөлдерін қуана қабылдады,әр бала эмоциялар мен пластиканы қолдана отырып өз бейнесін көрсетті. Ертегі қойылымы әдемі ұлттық костюмдердің, балалардың ойыны мен музыкалық сүйемелдеудің арқасында қатысушыларға жағымды әсер қалдырды.