Мектепке дейінгі ұйымға балаларды қабылдау 2020 жылғы 19 маусымдағы
№ 254 Мектепке дейінгі білім беру саласында мемлекеттік қызметтер көрсету қағидаларымен реттеледі.
"Мектепке дейінгі ұйымдарға құжаттарды қабылдау және балаларды қабылдау" мемлекеттік қызмет көрсету (бұдан әрі – балаларды қабылдау жөніндегі мемлекеттік қызмет көрсету) мектепке дейінгі ұйымдардың барлық түрлері (бұдан әрі – қызметті беруші) көрсетеді.
Мемлекеттік қызметті алу тәсілдері: мемлекеттік қызметті көрсету үшін құжаттарды қабылдау және беру көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі, "электрондық үкіметтің"веб-порталы арқылы жүзеге асырылады.
Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі: 30 минут
Балаларды қабылдау бойынша мемлекеттік қызметті алу үшін жеке тұлға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) құжаттарды көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесіне немесе Қағидаларға 4-қосымшаның 8 – тармағына сәйкес "электрондық үкімет" веб-порталына (бұдан әрі-портал) ұсынады.
Көрсетілетін қызмет процесінің сипаттамасы, нысаны, мазмұны және нәтижесі енгізілген балаларды қабылдау жөніндегі мемлекеттік қызметті көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі, сондай-ақ балаларды қабылдау жөніндегі мемлекеттік қызметті көрсетудің ерекшеліктері ескерілген басқа мәліметтер Қағидалардың 4-қосымшасына сәйкес "Мектепке дейінгі ұйымдарға құжаттарды қабылдау және балаларды қабылдау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында берілген.
Көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетінде" балаларды қабылдау жөніндегі мемлекеттік қызметті көрсетуге сұранымды қарау мәртебесі туралы ақпарат көрінеді, сондай-ақ балаларды қабылдау жөніндегі мемлекеттік қызметтің нәтижесін алған күні және уақыты көрсетілген хабарлама орналастырылады.
Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі осы Қағидаларға 4-қосымшаның 8-тармағында көрсетілген тізбеге сәйкес құжаттарды қабылдауды жүзеге асырады, ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді. Көрсетілетін қызметті алушы құжаттар топтамасын толық ұсынған жағдайда мектепке дейінгі ұйым мен ата-анасының біреуі немесе баланың заңды өкілі арасында жасалған келісім шарт негізінде көрсетілетін қызметті беруші баланы мектепке дейінгі ұйымға қабылдауды жүзеге асырады.
Көрсетілетін қызметті алушы осы Қағидаларға 4-қосымшаның 8-тармағында көрсетілген тізбеге сәйкес сәйкес құжаттар топтамасын толық ұсынбаған жағдайда көрсетілетін қызметті беруші балаларды қабылдау жөніндегі мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту жөнінде дәлелді жауап береді.
Портал арқылы жүгінген жағдайда мемлекеттік қызметті көрсетуші құжаттарды түскен күні қабылдауды және тіркеуді жүзеге асырады.
Көрсетілетін қызметті беруші ұсынылған құжаттардың толықтығын 30 минут бойы тексереді. Толық болмаған жағдайда, көрсетілген мерзімде өтінішті қарастырудан бас тарту жөнінде дәлелді жауап дайындайды, ол өтініш берушінің порталдағы "жеке кабинетіне" электронды құжат тұрінде жолданады.
Мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі:
Көрсетілетін қызметті берушіге жүгінгенде:
1) Қабылдауға жолдама (берілген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде жарамды);
2) көрсетілетін қызметті алушының (ата-анасының бірінің немесе заңды өкілдерінің (сәйкестендіру үшін) жеке басын куәландыратын құжат;
3) баланың туу туралы куәлігі (сәйкестендіру үшін);
4) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2003 жылғы 24 маусымдағы № 469 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тізілімінде № 2423 болып тіркелген) 026/у-3 "Бала денсаулығының паспорты" есептік нысанын толтыру және жүргізу жөніндегі Нұсқаулықта көзделген нысан бойынша баланың денсаулық паспорты;
5) Баланың денсаулығы туралы анықтама;
6)Психологиялық-медициналық-педагогикалық консультацияның қорытындысы (ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар балалар үшін).
Порталға:
1)Қабылдауға жолдама (берілген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде жарамды);
2) Көрсетілетін қызметті алушының (ата-анасының бірінің немесе заңды өкілдерінің (сәйкестендіру үшін) жеке басын куәландыратын құжат;
3) Баланың туу туралы куәлігі (сәйкестендіру үшін);
4) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2003 жылғы
24 маусымдағы № 469 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тізілімінде № 2423 болып тіркелген) 026/у-3 "Бала денсаулығының паспорты" есептік нысанын толтыру және жүргізу жөніндегі Нұсқаулықта көзделген нысан бойынша баланың денсаулық паспорты; (электрондық көшірме);
5) Баланың денсаулығы туралы анықтама; (электрондық көшірме);
6) Психологиялық - педагогикалық консультацияның қорытындысы (ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар балалар үшін) (скан. көшірме бар болса).
Ұсынылған құжаттардың толықтығы анықталған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші электронды сұранымды толтырады және құжаттардың электронды көшірмелерін тіркейді; электронды сұранымды өңдегеннен (тексергеннен, тіркеуден) кейін көрсетілетін қызметті алушыға электронды сұранымның мәртебесі, балаларды қабылдау жөніндегі мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі, ЭЦҚ-мен қол қойылған электронды құжат түріндегі балаларды қабылдау жөніндегі мемлекеттік қызметті көрсетудің нәтижесін – баланы мектепке дейінгі ұйымға қабылдауды немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту жөнінде дәлелді жауап береді.