АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ АТБАСАР АУДАНЫ БОЙЫНША  БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ ЖАНЫНДАҒЫ АТБАСАР ҚАЛАСЫНЫҢ «РОДНИЧОК» БӨБЕКЖАЙЫ» МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНАЛДЫҚ ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫ
ГОСУДАРСТВЕННОЕ КОММУНАЛЬНОЕ КАЗЕННОЕ ПРЕДПРИЯТИЕ «ЯСЛИ–САД «РОДНИЧОК» ГОРОДА АТБАСАР ПРИ ОТДЕЛЕ ОБРАЗОВАНИЯ ПО АТБАСАРСКОМУ РАЙОНУ УПРАВЛЕНИЯ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

"Cұлу Көктем - бізге қонаққа келді" мерекесі

01.04.2022

Көктемнің келуі, құстардың ұшып  келуі, күннің жылынуы, қардың еруі және алғашқы  гүл Бәйшешектің гүлдеуі, міне осындай құбылыстар адамдар мен  балаларға   қуаныш пен шығармашылықты   шыңдайды. Қыстың қатал сынақтарынан кейін   жадыраған көктем мезгілі басталғалы балалардың да көңіл- күйлері жадырап, ынталары арта түскені байқалады.    

"Родничок" балабақшасында Наурыз айының соңында «Балапан» ортаңғы тобының  балаларына арналған керемет көктем мерекесі өтті.   Балалар үшін мереке дегеніміз - бұл қуаныш.     Мереке күндері – балалар үшін жан тебірентер ән мен күйдің, әсем бидің, көз қуантар көріністердің қызғылықты бір әлемі. Сондықтан болар мереке күндерін балабақшаның әрбір тәрбиеленушісі асыға күтеді, әр сәби өз өнерін достарына, ата-аналарына көрсетуге асығады. Осы жағынан алып қарағанда жас жеткіншектерді тәрбиелеп, оларды жан-жақты дамытып, жетілдіруге мереке күнінің үлесі көп Жас жеткіншектердің өзін қоршаған ортаға дұрыс қалыптастыруға өз Отанына сүйіспеншілігін арттыруға, еңбекке ынтасын күшейтуге, интернационалдық сезімін оятуға үлкен әсер етеді.

Просмотров: 225


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст