Балабақшаның медбикесі И.А.Вороненко «Дұрыс тамақтану туралы Карлсонға кеңес» тақырыбында балаларға сабақ өткізді.
Мақсаты: тағамдардың пайдасы туралы ойларын қалыптастыру; салауатты тағам атауларын үйрету арқылы балалардың тілдерін байыту; салауатты тағам ережелері туралы білімдерін тереңдету; тағамдану гигиенасы мен мәдениеті жөніндегі дағдыларды бойларына сіңіру.
Балалармен әңгімелесу барысында балаларға қонаққа олардың сүйікті кейіпкері Карлсон келді. Карлсон өзінің чипсиді, пиццаны және көптеген тәттілер мен ащы тағамдарды көп жейтінін айтады. Балалар медбикемен бірге Карлсонға кейбір тағамдардың пайдасы мен зияны туралы түсіндіреді. Медбике салауатты өмір салты мен дұрыс тағамдану принцптері туралы айтты. Сабақ соңында балалар Карлсонмен бірге мынадай қортындыға келді. Ең жақсысы тәтті, пайдасыз тағамдарды аз жеп, керісінше көкөністер мен жемістерді көбірек жеу керек екендігін түсінді.