3 шілде күні №3 "Родничок" балабақшасының II кіші және орта топ тәрбиеленушілері Атбасар қаласының тарихи - өлкетану мұражайына экскурсияға барды. Балалар үшін мұражай залы бойынша әртүрлі экспозициялармен қызықты және танымдық экскурсия өткізілді, ата-бабаларымыздың тұрмысын көрнекі көруге мүмкіндік берді. Олардың еңбектерінің арқасында біздің қаламыздың негізі қаланды және дамыды. Балалар қызығушылықпен тыңдады, сұрақтар қойды, экспонаттарды қызығушылықпен қарады. Әсіресе балаларға мына залдар ұнады: жануарлар мен өсімдіктер әлемі, қазақ халқының мәдениеті мен тұрмысы. Атбасар қаласының келбеті балаларға ерекше қызығушылығын тудырды.
Балалар мұражайға барудан қуанышты болды. Көрген экспонаттардан көп әсер қалдырды. Экскурсия аяқталғаннан кейін балалар экскурсия жүргізушіге көрме материалдары туралы толық әңгімесі үшін алғыстарын білдірді.