Бейресми сурет салу техникасы шығармашылықты, қиялды дамытуға, тәуелсіздіктің және даралықтың көрінісін дамытуға серпін болып табылады. Балаларды қарапайым пейзаждарды салуға үйрету, балаларды бейресмисурет салу әдістерімен таныстыруды жалғастыру; гуашь бояуын қолдану дағдысын дамыту; сурет салуға қызығушылығын дамыту; ұқыптылыққа тәрбиелеу. Дайын сызбаларды қарауға, олар туралы әңгімелеуге, олардан ләззат алуға деген құштарлықты дамыту. Балалардың эстетикалық қабылдауын дамыту.
Сабақта балалар барлық өсімдіктердің маңызды екенін білді. Балаларда қоршаған әлемге деген белсенді қызығушылық пайда болды.
Жұмыс барысында балалар бақ - бақ гүлімен танысты, бақ - бақ гүлінің пайдалы қасиеттерін, қай бөліктерден тұратынын білді. Ұйымдастырылған оқу қызметі барысында балалармен денешынықтыру, саусақ гимнастикасы өткізілді.