Сәуірде күн жарқырап, жылы болады. Шуақты күнде қар ериді, бұлақтар ағады. Оны балалар да байқайды. Табиғатпен, ондағы өзгерістермен таныса отырып, балалардың білуге деген құштарлықтары қалыптасады. Ай бойы балалар көктемнің белгілерімен танысты. Осы уақыттарда өткізілген ұйымдастырылған оқу қызметі көктемгі табиғаттың маусымдық өзгерістері туралы түсініктерін бекітуге арналды. Әңгімелесу барысында балалар көктем мезгіліндегі аңдар мен құстардың мінез-құлықтарындағы ерекшеліктерімен таныстырылды. Балалар: табиғаттағы маусымдық өзгерістерге қызығушылық танытады, бақылайды, салыстырады, табиғаттағы маусымдық өзгерістерді байқайды. Кейбір құстар, жәндіктер, гүлдер туралы білімдері кеңейеді. Балалардың табиғатқа деген құрметі қалыптасады. Балалардың сөйлеуі белсендіріледі, олар ересектердің сұрақтарына жауап береді, пікірталастарға қатысады, сөйлеудің барлық бөліктерін қолдана білу арқылы қабілеттерін дамиды.